Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Инновациялық әрекеттің дамуы - ел экономикасындағы маңызды қадамдардың бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Білімді жастардың болуы және ғылыми өмірдің шоғырлануы, ерекше орта, жаңа білім мен технологияны әзірлеу мүмкіншілігі, инновация мен өзін-өзі дамыту - осының бәрі мемлекеттің технологиялық серпінді жасау мүмкіндігінің маңызды көрсеткіштері.

Инновациялық әрекеттің дамуы -  ел экономикасындағы маңызды қадамдардың бірі

Үкімет отандық бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге дайын, ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстағы корпорациялық инвестиция - бұл инвестиция Қазақстанның болашағы. Мұндай салымдар зерттеулердің нақты нәтижесіне қол жеткізіп қана қоймай, ерекше инновациялық ортаны қалыптастырады, творчестволық атмосфера мен үнемі ғылыми ізденісті тудырады. Әлемнің жетекші елдерінде мемлекеттің экономикалық дамуының белгілі рейтингісімен қатар назарға оның «креативтік индексі» қоса алынатыны кездейсоқ болмаса керек. Бүгінде әлемдік «креативтік орталықтар» ретінде: Токио, Лондон, Нью-Йорк, Дублин, Сиэтл, Хельсинки, Стокгольм есептеледі. Қазақстан қалалары әлемнің «креативтік орталығы» қатарына кіруі тиіс, ал Астана - «креативтік класс» қалыптастыру локомотиві - экономикалық білімнің және әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін технологиялық серпіннің тірегі болу мүмкіндігіне ие.

«Бүгінде біздің экономиканы жекеменшікке жəне кəсіпкерлікке арқа сүйейтін барынша ырықтандырылған экономика деп сипаттауға болады. Дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономикасы дамыған мемлекет ретінде таныды. Республикада құқықтық база жаңартылып жатыр, салықтың салмағы азайтылып, нарық инфрақұрылымы жетілдірiлуде, еңбек ресурстарының сапасы артып, өнім сапасына деген талап өскелең бола түсуде» - деген ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қазіргі экономикалық деңгейі тұрақтанғанын айтады. Бұл жеткен жетістіктер - ұлттық экономиканы реформалау жылдарының негізгі қорытындысы. Экономиканы реформалау жылдары біздің елде кең іс-тəжірибе жинақталды. Əрине, бұл жылдарда ipi жетістіктермен бірге, айтарлықтай кемшіліктер де болғаны анық. Өйткені, реформа барысында «қателер мен таңдаулар» принциптері кең орын алды. Бұл кезең өзіндік ерекшеліктерімен қатар, жоғары қарқындылығы арқылы айтарлықтай күрделіліктер де туғызды.

Инновациялық əрекеттiң дамуына кедергi келтiретiн жағдай мемлекетте оның негiзi болып табылатын конструкторлық бюро жүйесi мен тəжiрибе-конструкторлық бөлiмдердiң уақыты өткен, ғылыми iзденiстердi жүргiзуге қаржының бөлiнбеуi, оның нəтижелерiн өндiрiске енгiзбеу болып табылады (ал, біздің елде ғылыми ізденістерге өте көп қаржы бөлінуде). Ал, инженерлiк жұмысшыларды дайындауда өндiрiстiк практикаға аз уақыт бөлiнеді. Инженерлiк ақыл-ой мен ойлап табу əрекетi қазiргi уақытта біздің елімізде жедел дамуда және инновациялық əрекеттiң дамуы үшiн iргетас зор сақталған. Ондаған болашағы мол жобалар Қазақстан, Ресей, Украина инженелерiнiң бiрiгiп жұмыс iстеуі негiзiнде iс жүзiне асты. Кейбiр қазақ технологиялары əлемде еш жерде қолданылмайды. Бiрақ, көптеген қажеттi ойлап табылған дүниелер тек тəжiрибе түрiнде қалып қойып жатқаны біздің кемшіліктеріміздің бірі. Оларды өндiрiске енгiзудiң ұйымдық-құқықтық механизмi қажет. Мұндай жағдайда инновациялық əрекетті заң жағынан да, қаржы жағынан да жабдықтау iске асуда. Инновациялық əрекеттiң мəселелерiн заң жүзінде де шешімін тапқан. Өйткенi, көп уақытқа дейiн инновациялық əрекеттiң дамуына жауапты мамандар уақытысында тағайындалып жəне əр ведомство заң жобасын халықтың мүддесiне сай бұруға тырысып жатыр. Ведомствоаралық байланыс та жақсарып келеді. Мұның бәрі Қазақстанның жетістігі және экономикасының тұрақты дамып жатқандығын көрсетеді.