Инновациялық технологиялар паркінің екінші кезегінің құрылысы бойынша техникалық экономикалық негіздеме алдағы жылы аяқталады

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Инновациялық технологиялар паркінің екінші кезегінің құрылысы бойынша техникалық экономикалық негіздеме алдағы жылы аяқталады.

Инновациялық технологиялар паркінің екінші кезегінің құрылысы бойынша техникалық экономикалық негіздеме алдағы жылы аяқталады

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы барысында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Инновациялық даму көзінің бірі - Инновациялық технологиялар паркі. Бүгінде Мемлекет басшысы паркті дамытудың жаңа моделін бекіткеннен кейін, оның бірінші кезегі 100 пайызға игерілді»,-деп тоқталған Үкімет басшысының орынбасары, «енді, екінші кезектің құрылысы мәселесі қарастырылуда. Оның техникалық экономикалық негіздемесін алдағы жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін біз парктің екінші кезегінің құрылысына кірісеміз»,-деді.