09:08, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Instagram-ның жаңа қосымшасы іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram әлеуметтік желісі Hyperlapse қосымшасының іске қосылғанын жариялады.

Қосымша Таймлапс-видео түсіруге жол ашады. Таймлапс - бұл видеоны бәсеңдетілген режімде түсіретін, кейін оны қалыпты жылдамдықта көрсететін тәсіл. Бұл туралы Gazeta.ru хабарлады.
Түсірудің мұндай техникасы көлемді, алайда уақыты бойынша ұзақ үрдістерді: көшкен бұлттар, топтың қозғалысы немесе қозғалып бара жатқан көліктен түсірілген тез өзгеретін пейзаждарды түсіреді.
Қосымша суретті тұрақтандыру технологиясын пайдалану арқылы жұмыс істейді. Әзірге бұл қосымшаны iPhone мен iPad иелері ғана пайдалана алады.