Интернет және ұялы байланыс тарифтері төмендей беретін болады - А.Жұмағалиев

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Интернет және ұялы байланыс тарифтері төмендей беретін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін елорданың инновациялық дамуына арналған «Smart Astana-2011» конференциясы барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Ұялы байланыс және интернет тарифтерін төмендетуге қатысты көптеген сауалдардың түсетіндігін айта келе министр: «Бірден айтайын, тарифтер төмендеуде. Бұл жылы да тарифтер төмендетілді. Біз ұялы байланыс операторларының желі ішінде қоңырау шалу тарифтьерін 33 пайызға төмендете алдық. Роуминг тарифі - 48, интернет коннект 20 пайызға қысқарды. Әрине, бұл жұмыс одан әрі де жалғасады», - деді.

Сонымен қатар А.Жұмағалиевтің атап өтуінше, ағымдағы жылы көтерме интернет тарифі де шамамен 65 пайызға арзандаған. «Абоненттік төлем 8 пайызға төмендеді. Осындай төмендету 2012 жылғы 1 қаңтарда жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар