Интернетке қатысты қабылданған заң Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына кері әсер етпейді - ҚР СІМ

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығына кері әсер етпейді.
None
None

 Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте журналистің сұрағына жауап беруі кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына Заң, сөз жоқ, қандай да бір тікелей әсер етпейді. Бұл Заңға қатысты түрлі көзқарастар бар. Қазір заңнама қабылданғаннан кейін жаңа жағдай қалыптасып отыр. ЕҚЫҰ бойынша біздің әріптестерімізге, осы ұйым аясындағы сарапшыларға ағымдағы жағдайды және аталмыш заңды қабылдауға не түрткі болғанын түсіндіру үшін  Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады», деді брифингте Е. Ашықбаев.

Айта кетейік, Елбасы жуырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға   қол қойды. Заң ақпараттық-коммуникациялық   желілер  арқылы  ел  аумағында  ақпарат  таратумен  байланысты    қарым-қатынастарды  мемлекеттік  реттеу  жүйесін  жетілдіруге  бағытталған.

Соңғы жаңалықтар