Интернетте шығарылатын күмәнді, заңсыз ақпараттарға шектеу қойылады ? Б. Маханбетәжиев

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Интернетте шығарылатын күмәнді, заңсыз ақпараттарға шектеу қойылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында

Интернетте шығарылатын күмәнді, заңсыз ақпараттарға шектеу қойылады ? Б. Маханбетәжиев
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы Батыр Маханбетәжиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұған дейін интернетті мемлекеттік басқару және азаматтардың ақпарат алу құқы тақырыбында дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылып, онда мәселе терең талқыланған болатын. Сонда да, әлі күнге дейін түсінбестіктің орын алуына байланысты тоқталып өтетін жайттар жеткілікті болып отыр. Мәселен, ЕҚЫҰ ұсыныстарына келетін болсақ, онда Интернет-ресурстың қайсысы БАҚ-қа жататыны, ал қайсысы жатпайтыны туралы нақты өлшемдер қажеттігі анық айтылады. Осы тұрғыдан келетін болсақ, «web-сайттағы», блогтағы және басқа да Интернеттегі ақпараттар пайдаланушылардың шексіз тобына арналатын болса, онда бұндай Интернет-ресурс - бұқаралық ақпарат құралы қатарына жатады. Дәл осындай сипаты болғандықтан «web-сайттар» бұдан біраз жыл бұрын БАҚ дәрежесіне енгізілген болатын. Дегенмен де, технологиялық дамудағы объективті себептерге сай, Интернет-ресурстар тек «web-сайттарды» ғана емес, басқа да ресурстарды да өз ішіне қамтып отыр және бұлардың барлығы ақпаратты пайдаланушылардың шексіз тобына арналады. Сондықтан да, заң жобасы дәл осы мәселелерді реттеуге бағытталуда», деді жауапты хатшы. Оның айтуынша, жоба бойынша мемлекеттің құқық қорғау органдары Интернеттік ортада заңсыз ақпараттардың таралмауын қадағалайтын болады. Заң жобасының негізгі мақсаты ? Интернетте күмәнді, заңсыз ақпараттарға шектеу қою болып табылады», деді Б. Маханбетәжиев.