Интернетте Ыстамбұлдағы жарылыс туралы бейнекамералардағы түсірілім жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұл қаласында 1 желтоқсанда кешке болған жарылыс жайлы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Интернет желісінде орын алған жарылыс туралы көше камераларында түсірілген бейне жария етілді. Бұл видеоны YouTube-дегі өз арнасында түріктің Daily Sabah басылымы орналастырды.

Интернетте Ыстамбұлдағы жарылыс туралы бейнекамералардағы түсірілім жария етілді

«HABERTÜRK» арнасында метродағы жарылыс Байрампаша стансасына жақын жердегі эстакада маңында орын алғаны айтылады. Жергілікті билік трансформатор істен шығып, 1 адам ғана зардап шеккенін жеткізді. Алайда, БАҚ өкілдері оқиғадан бір адам қаза тауып, бір адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.