“Интернеттің қазіргі әлемі” әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "КаР-Тел" ЖШС-і "Интернеттің қазіргі әлемі" әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталғаны туралы мәлімдеме таратты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан жастары конгресімен бірлесіп өткізетін бұл шараның басты мақсаты Қазақстан оқушыларының интернет сауатталығын арттыру. Жоба аясында еліміздің жалпы білім беру мектептерінде оқушыларды интернеттің мүмкіндіктері мен дүниежүзілік желіге кірудің мобильді тәсілдерімен таныстыруға бағытталған ашық сабақтар өткізілетін болады.

«Егер де бұрындары базалық білім оқу, жазу және санау дағдыларын қажет етсе, қазіргі кезде олардың қатарына компьютер мен интернет желісін білуді де қосуға болады. Сондықтан «Интернеттің қазіргі әлемі» жобасын тек әлеуметтік бағдарлама ретінде ғана емес, болашаққа бағытталған инвестиция деп қарастыру қажет», дейді Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов. Ал «КаР-Тел» компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшесі Павел Родиннің айтуынша, әлемнің көшбасшы елдерімен салыстырғанда Қазақстанда интернет желісінің таралуы төмен деңгейде. Ғаламтордың ақпараттық қорының мүмкіндіктерін еліміздің тұрғындарының 16 пайызы ғана пайдаланып жүр. «Олардың 80 пайызында бүкіләлемдік желіге шығудың мүмкіндігі бар. Себебі олар Beeline желісінің таралуы аумағының тұрғындары ретінде мобильді интернет мүмкіндігін пайдалана алады. Біз жастарды желіге мобильді түрде кіру мүмкіндіктері жөнінде құлағдар етіп, осылайша республикадағы ақпараттық алшақтықты жоюға өз үлесімізді қосуға күш салмақпыз», дейді П. Родин.

Жалпы «Интернеттің қазіргі әлемі» жобасының бірінші кезеңі 2009 жылдың мамыр айында Қостанай мен Орал қалаларындағы мектептерде өткізілген еді. Онда жоғарғы сыныптың 18 мың оқушысы қамтылған болатын. Биылғы жылы ашық сабақтарға республиканың 8 аймағының орта мектептерінің 147 300 оқушысы қатысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар