Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылып, анасымен қауышты

ана бала
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды.

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен.

Одан кейін әйел полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.

Соңғы жаңалықтар
telegram