Ақтау тұрғынын тонаған ер адам интерполдың сұрауымен Мәскеуде ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен тонау жасап, халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Грузияда адам өлтірмек болған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: polisia.kz

«2018 жылы қаскүнем Ақтау тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, оны тонап кеткен. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстағанын жазған болатынбыз. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтықпен және қылмыстық «қамқорлық көрсетумен» айналысқан.

 

Соңғы жаңалықтар