19:04, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Инвестициялық шақаны құрал ретінде пайдалану керек - Ұлттық банк төрағасының орынбасары
АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Инвестициялық шақа қазақстандықтар үшін жаңа құрал. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы орынбасары Данияр Ақышев бүгін Алматыда ғаламторды пайдаланушылармен өткен он-лайн конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Инвестициялық шақаны мен капиталдың жақсы салымы санаймын. Оны инвестиция құралы ретінде пайдалану керек. Ағымдағы жағдайда алтын бағасы тұрақты және жақсы ағым бар кезде бұл салым белгілі бір деңгейде кіріс әкеледі", дейді Данияр Ақышев. Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, жаңа құралдың басты тәртібі - оның тартымдылығы. Оның нарықтағы өтімділігі алдағы уақытта өсе береді. Халық оған ақша салып қана қоймай, айналымға сала алады. Инвестициялық шақаны сатып алып, сату арқылы олар белгілі бір деңгейде табыс та таба алады.