Инвестициялық және бизнес ахуалды жақсарту үшін жұмыс жүргіземіз - Тимур Сүлейменов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанынан Инвестициялық штаб құрылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов амәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның атап өтуінше, таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы инвестицияларды тартудың кешенді экожүйесін құру міндетін қойған.

"Министрлікке берілген өкілеттіктердің аясында біз инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға күш жұмылдырамыз. Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, инвестициялық және бизнес ахуалды одан әрі жақсарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады", - деді ол.

Т.Сүлейменов өз бұйрығымен Ұлттық экономика министрлігінің жанында тұрақты жұмыс істейтін Инвестициялық штаб құрылғанын атап өтті. Оның міндеттері - инвестициялық заңнаманы, институционалдық ортаны және тұтастай алғанда климатты жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.

"Осы бұйрықтың аясында басты назар шетелдік инвестицияларға ғана емес, отандық инвестицияларға да бағдарланатын болады", - деді министр.

Соңғы жаңалықтар