Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында Жамбыл облысында 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2004-2008 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында Жамбыл облысында 40 шақты инвестициялық жоба жүзеге асырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасап. Жалпы құны 6,6 миллиард теңге сомаға бағаланып отырған инвестициялық жобалардың арқасында өңірде 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, спирт пен крахмал өндіретін зауыт («БМ» ЖШС), өндірілетін кеннен бағалы металды алу пайызын арттыруға көмектесетін химиялық өнімдер өндірісі («Химсинтез» ЖШС) салынды, газ конденсатын өңдеу жөніндегі екі шағын зауыт іске қосылды ( «Казхиминвест» ЖШС мен «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС»).Стратегияның екінші кезеңін жүзеге асырудың аясында, 2007 жылдан бастап облыста 120 миллиард теңге соманың 20 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Олар іске қосылғаннан кейін тағы да 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Соңғы жаңалықтар