Иордания Королі ел парламентін таратты
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат - Иордания Королі Абдалла Екінші 2007 жылдың қараша айында сайланғаннан екі жылдан кейін ел парламентін таратып жіберді.
Монарх елдің заңнамалық органын алғаш рет мерзімінен бұрын таратып отырған жоқ: депутаттардың бұған дейінгі шақырылымы 2007 жылдың тамыз айында мерзімінен бұрын таратылған еді. 2003 жылғы сайлау, корольдің 2001 жылы парламентті тарату туралы шешімінен кейінгі екіжылдық үзілістен кейін өткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости» ресейлік жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.
Король жарлығына сәйкес парламенттің өкілеттігі сейсенбі күні тоқтайды. Жарлыққа парламенттің таратылу себебі көрсетілмеген, бірақ та, сарапшылардың пікірінше, мемлекеттің конституциялық басшысының бұл шешіміне депутаттардың әлсіз жұмыстары себеп болуы мүмкін.
Иорданияда қос палаталы парламент - Ұлттар Кеңесі жұмыс істейді. Төменгі палата жаппай жасырын дауыс беру жолымен сайланады және 110 депутаттан тұрады. Ал Жоғарғы палатаның 55 депутатын Корольдің өзі тағайындайды.