Ирак пен Иран мұнай ұңғысы үшін керісіп қалды

АСТАНА.  Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат -  Бағдад  пен Тегран    иран-ирак шекарасындағы оқиғаны тексеруде.  Ирак  үкіметі,   Иран  күштері ел аумағына заңсыз  еніп,       даулы учаскелердің біріндегі  №4 мұнай   ұңғысын  басып  алды,  деп мәлім етіп  отыр.  
None
None

Иран бұл  фактіні   растауда, бірақ,     ұңғы     ирандық аумақта  орналасқан,  деп мәлім етуде.   Аталмыш  оқиға бойынша   дипломатиялық    келіссөздер басталды,    деп хабарлайды EuroNews    агенттігі.

Майсан  уәлаятындағы   мұнайлы Факка  ауданы,    одан ирандықтар да,     ирактықтар да  мұнай айдауға  ыңғайлы    орналасқан.    Дегенмен, бұл  ауданды Ирак  өз  аумағы санайды.  Кейбір мәліметтер  бойынша,  бұл рейд қолдан   жасалып  отыр,  себебі  осы  оқиғадан кейін  мұнайдың әлемдік бағасы  сәл де болса, көтеріліп  отыр.

Соңғы жаңалықтар