Ирак: Тикриттегі қырғын үшін 40 адам өлім жазасына кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иракта сот 2014 жылы маусымда Тикрит маңындағы Кэмп Спичер бұрынғы американдық базасына шақыртылған жүздеген сарбаздың өлімі үшін 40 адамды өлім жазасына кесті.
None
None

Сол кезде 1700-ге жуық ирак әскериі қаза тапты.

«Ислам мемлекетінің» содырлары ирак армиясын қыру барысында түсірілген суреттер мен бейнежазбаларды ғаламторға орналастырған. Аман қалғандар содырлар қаза тапқандарды тергеп, қайсысы исламның шиіт тармағын ұстанатынын анықтамақ болғанын айтып берген.

Ирак күш құрылымдары ауданды исламистерден тартып алған соң, көп адам жерленген қабірді тапты, деп хабарлады Би-Би-Си.

Бағдадтағы Орталық қылмыстық сот 40 адамды айыпты деп танып, тағы жетеуінен айыптар алынды. Сот отырысында 24 сотталушы өткен жылғы сот үкіміне шағым жасады.

Соңғы жаңалықтар