Иракта 3 күндік аза тұту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактағы лаңкестік әрекетке байланысты Салах-эд-Дин провинциясында 3 күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Бүгін түнде өңірдегі Балад қаласында бірнеше шабуыл жасалған болатын. Алдымен жанкешті өзін шиіттер үшін киелі орынның қасында жарып жіберген. Артынша бұл жерге бірнеше содыр баса-көктеп кіріп, атыс ашты. Сондай-ақ киелі орын маңындағы аумақ зымыранмен атқыланыпты. Шабуылдарды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған. Соңғы мәлімет бойынша, құрбандардың саны 40 адамға жеткен. Тағы 75 тұрғынның жарақат алғаны белгілі.

фото: 24.kz

Соңғы жаңалықтар