20:22, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Иракта американдық әскери автомобиль автобусқа соқтығысты - құрбан болғандар бар
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Ирактың орталық провинцияларының бірі Бабылда американдық әскери қызметшілер мінген автомобиль мен шағын автобус соқтығысып, бес жергілікті тұрғын мерт болды, сегіз адам жарақат алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Соқтығыс Бағдад пен Әл-Хилла арасындағы магистральда орын алған. Жарақат алғандар апаттан кейін бірден жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.