Иракта қауіпсіздік шараларына байланысты бірқатар шекара бекеті жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ирак билігі әкімшілік шаралар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шекара өткізу бекетін уақытша жауып тастады, деп хабарлайды Анадолы.

Иракта қауіпсіздік шараларына байланысты бірқатар шекара бекеті жабылды
Фото: Анадолы

Ирактың Қауіпсіздік және БАҚ мәселелері жөніндегі басқармасының жазбаша мәлімдемесінде атауы көрсетілмеген бірнеше шекара бекетіне қатысты анықталған заң бұзушылықтар мен заңсыз әрекеттерді тергеу үшін қажетті құқықтық рәсімдер басталғаны айтылған.

Шекара маңындағы аудандарда барлау жұмыстары күшейтіліп, тергеу мен тексерулер жалғасып жатыр.

Жүргізіліп жатқан шараларға байланысты кейбір шекара өткізу бекеті жабылды. Сонымен қатар «Зурбатия» және Мунзирия өткізу бекеттері жолаушыларды өткізу үшін ашық күйінде қалып отыр.

Ал Ирактың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жабылған бекеттердің қатарында Иранмен шекарадағы бірнеше өткізу пункті, соның ішінде «Шаламче» бекеті де бар.

Бұдан бұрын Тегеран теңіз қатынасына қойылған шектеулер сақталып отырған тұста Ирактың бірқатар мұнай танкеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге арнайы рұқсат бергенін жазғанбыз.