Иракта парламенттік сайлау өтті

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Иракта наурыздың 7-сі күні болған парламенттік сайлауда сайлаушылардың белсендігі 62,4 пайызды құрады. Осылайша, сайлау өтті деп саналады, деп мәлім етті елдің тәуелсіз Жоғарғы сайлау комиссиясы.

Иракта    парламенттік  сайлау  өтті

Сайлау 10 мың сайлау округіне бөлінген елдің 18 провинциясында өтті. Парламенттегі 325 орын үшін 86 саяси партия мен бірлестіктің 6 мыңнан астам өкілі таласты.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, Бағдадта және елдің оңтүстігіндегі шииттер тұратын провинциясында премьер-министр Нури әл-Маликидің «Заң мемлекеті» блогы көш бастап отыр. Ал оның негізгі қарсыласы «Әл-Иракия» патриоттық блогына жетекішілік етуші экс-премьер Айял Алауи сүнниттер тұратын аудандарда басым дауысқа ие болып отыр. Сайлаудың алдын-ала қорытындысы наурыздың 11-інде, ал нақты қорытындысы наурыздың 18-іне қарай мәлім болады деп күтілуде. Ал дауыс берудің ресми қорытындысы айдың соңында жария етілмек, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.