Иракта парламенттік сайлауға мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Иракта парламенттік сайлауда мерзімінен дауыс беру басталды,
деп хабарлады «Азаттық» радиосы.
БҰҰ-ның Ирактағы миссиясының ақпараты бойынша, елдің 600 мыңнан астам азаматы мерзімінен бұрын дауыс бере алады, олар - негізінен дауыс беру күні сайлау учаскелерін күзететін және елдегі тәртіпті қамтамасыз ететін қауіпсіздік органдарының қызметкерлері.
Парламент сайлау жексенбі, наурыздың 7-сі күні болады.