08:11, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Иракта жанкешті мешіттің жанында өзін жарып жіберді
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Иракта дүйсенбі күні лаңкес-жанкештінің мешіттердің бірінің жанында өзін жарып жіберуі салдарынан болған жарылыста кемі 3 адам мерт болды және 19 адам жарақаттанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Полицияның деректері бойынша лаңкес-жанкешті жарылғыш құрылғыны Бағдадтың солтүстігіндегі Бакуба қаласындағы шиіттердің мешітінің қақпасының алдында іске қосқан. Мешітке келушілердің бірі, сондай-ақ лаңкестің мешітке кіруіне рұқсат етпеген екі полиция қызметкері жарылыс құрбаны болды.