Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иран АҚШ билігінде алауыздық барын мәлімдеп, екіжақты келісімдерді тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи АҚШ мемлекеттік басқару жүйесінде терең алауыздық белгілері байқалғанын және бұл халықаралық аренада қарама-қайшы мәлімдемелердің жасалуына әкеліп отырғанын айтты, деп хабарлайды IRNA.

в
Фото: ИРНА

– АҚШ билік құрылымының ішінде әртүрлі бағытты ұстанатын бірнеше топ әрекет етіп жатқан сияқты. Олар бір-бірімен өзара ықпалдасып, бәсекелестікке түсуде, – деді Эсмаил Бағаи.

Оның айтуынша, дәл осы ішкі тартыс пен қарама-қайшы мүдделердің қақтығысы Вашингтонның халықаралық маңызды мәселелер бойынша әлемге бір-біріне қайшы келетін әрі түсініксіз сигналдар беруіне себеп болып отыр.

Сондай-ақ Иран СІМ өкілі бұған дейін қол жеткізілген барлық екіжақты келісімдердің уақытша тоқтатылғанын растады. Оның ішінде Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы режимі мен шетелде бұғатталған Иран активтерін босату жөніндегі уағдаластықтар да бар.

Бағаидің айтуынша, Тегеран мұндай шешімді Вашингтонның өз міндеттемелерін орындамауына және АҚШ-тың әскери соққыларды қайта бастағанына байланысты қабылдаған.

– АҚШ-та шешім қабылдау жүйесі бытыраңқы әрі бөлшектенген. Ішкі лоббистік топтар Ақ үйдің қол қойылған келісімдерді орындау мүмкіндігін іс жүзінде шектеп отыр, – деді Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Айта кетейік, БҰҰ Ирандағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды айыптады.