Иран АҚШ-қа соғысты тоқтату үшін шарт қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Иран билігі Қатар делдалдары арқылы АҚШ-қа соғысты тоқтату шарттарын жеткізді және АҚШ президенті Дональд Трамптан жауап күтіп отыр. Бұл туралы Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Пентагон Иранмен қақтығыс салдарынан оқ-дәрі тапшылығы барын мойындады
Фото: Anadolu Ajansı

– Біз соғысты тоқтату үшін Вашингтонға шарттарымызды жеткізген қатарлық делдалмен байланыстамыз және президент Трамптан жауап күтіп отырмыз» - деді ол Al Jazeera арнасына берген сұхбатында.

Резаидың айтуынша, Иранның шарттарына соғысты барлық бағытта тоқтату, Иранның мұздатылған активтерін ашу және әскери-теңіз блокадасын алып тастау кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық және ирандық делегация маусым айында екі тарап қол қойған, соғысты тоқтатуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандум негізінде келіссөз бастады. Кейіннен диалог тоқтатылды, нәтижесінде Ормуз бұғазы негізгі қақтығыс нүктесіне айналды. Содан кейін Трамп АҚШ пен Иран арасындағы меморандумды жарамсыз деп санайтынын мәлімдеді.