20:08, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Иран азаматтарына шетелдік БАҚ-пен араласуға тыйым салынды
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Иран азаматтарына бұдан былай исламдық республикаға қарсы «жұмсақ соғысқа» қатысушы ретінде белгіленген бірқатар шетелдік мекемелермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастыққа тыйым салынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Ирандық барлау қызметі басшыларының бірі мәлімдегеніндей, жазда өткен президенттік сайлаудан кейін Иранда орын алған тәртіпсіздікті арандатуға еуропалық және американдық 60 ұйымның қатысы болған және ендігі жерде ирандық азаматтарға олармен байланыстарға түсуге және олардан қандай да бір көмек алуға тыйым салынады.
Шенеуніктің жария еткен тізімінде басқалармен қатар Би-би-си мен «Америка даусы» бар - олар, оның айтуынша, Иран үкіметін құлатуға әрекет еткендерге көмектескен.