Иран делегациясы АҚШ-пен келіссөздер жүргізу үшін Пәкістанға барды
АСТАНА. KAZINFORM — Иран делегациясы АҚШ-пен ықтимал келіссөздерге қатысу үшін Исламабад қаласына барды, деп хабарлайды Report.
Хабарламаға сәйкес, Иран делегациясын мәжіліс төрағасы Мұхаммад Багер Галибаф пен Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи басқарады.
Келіссөздер 11 сәуірде Пәкістанда өтуі мүмкін екені атап өтілді. Америкалық делегацияны АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс басқарады деп жоспарланған.
Бұған дейін Пәкістан премьер-министрі келіссөздер 10 сәуір, жұма күні Исламабадта басталады деп айтқан еді. Сондай-ақ Ақ үй өкілі АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды бітім келісіміне сәйкес Ормуз бұғазын ашуға мәжбүрлейтінін мәлімдеді.