Иран Израильдің солтүстігіне зымырандар ұшырды
АСТАНА. KAZINFORM – Иран Израильдің солтүстік бөлігіне зымыранмен шабуыл жасады. Бұл сәуір айынан бергі алғашқы осындай шабуыл болды, деп хабарлайды Euronews.
The Times of Israel басылымының мәліметінше, шабуыл Израильдің Ливан аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде жүзеге асырылған.
Зымырандық қауіпке байланысты Израиль аумағында мектептердегі сабақтар тоқтатылып, ашық алаңдарда 200 адамнан, ал жабық ғимараттарда 500 адамнан көп жиналатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Израиль әскері барлық зымыранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы жойылғанын мәлімдеді.
Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.