Иран Қытайдың өңірдегі бейбітшілік жоспарын қолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Қытайға жасаған сапарының қорытындысын шығарып, қытайлық әріптесі Ван Имен өткен келіссөздерді «конструктивті» деп бағалады. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.

а
Фото: ИРНА

Министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында екі елдің қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайындағы ұстанымдары стратегиялық тұрғыда жақын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Тегеранның ұлттық егемендігі мен қадір-қасиетін қорғау құқығы мызғымас қағида екенін растаған.

Сондай-ақ келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Қытай ұсынған бейбітшілік бастамалары болды.

– Иран тарапы өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және нығайтуға бағытталған Қытайдың төрт тармақтан тұратын ұсынысына ризашылығын білдіреді, – деді Аббас Аракчи.

Айта кетейік, Иран АҚШ-қа жаңа келісім жобасын Пәкістан арқылы жолдады.