Иран корпус қолбасшысы Хоссейн Саламидың қаза тапқанын растады
АСТАНА. KAZINFORM – Иран ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хоссейн Саламидың қаза тапқанын ресми түрде растады, деп жазды Риа новости.

— Хоссейн Салами мен ислам революциясының басқа да қорғаушылары шаһид болғаны туралы КСИР мәлімдеме жасады. Иран жақын арада халықты жаудың қылмыстық операциясы мен оған берілетін жауап шаралары туралы хабардар етеді, — делінген Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесінде.
Бұған дейін Иран билігі Израильдің Тегерандағы тұрғын үйлерге, соның ішінде жоғары лауазымды әскери және шенеуніктер тұрған үйлерге соққы жасағанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Натанз қаласындағы ядролық нысан мен елдің солтүстік-батысындағы ирандық әскери бөлімшелер орналасқан аймақтар да шабуылға ұшырағаны айтылды.
Айта кетейік, Израиль Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастады.