Иран МАГАТЭ-мен лайықты деңгейде ынтымақтаспай отыр - агенттік басшысы
Бұл туралы дүйсенбі күні Венада ашылған МАГАТЭ Басқарушылар кеңесінің сессиясында агенттіктің бас хатшысы Юкия Амано мәлім етті. Оның айтуынша, Иран «агенттікпен лайықты деңгейдегі ынтымақтастықты қамтамасыз етпей отыр».
«Лайықты ынтымақтастыққа басқа да мәселелермен қоса, МАГАТЭ Басқарушылар кеңесі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті қарарларын орындаумен байланысты мәселелер, сондай-ақ қосымша хаттаманы және Иранның ядролық бағдарламасының ықтимал әскери өлшеміне қатысты мәселелерді нақтылау жайы кіреді», - деп түсіндіреді Амано мырза.
МАГАТЭ бас хатшысы Тегранды агенттікпен арадағы кепілдіктер туралы келісімді толық орындауға және басқа да міндеттемелерін бірінші кезектегі міндеттер ретінде қарастыруға қадам жасауға шақырды.