Иран мен Түркия Қытайдан Еуропаға баратын теміржол құрылысының жобасына қосылмақшы

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Иран мен Түркия Қырғызстан және Өзбекстан арқылы Қытайдан Еуропаға тартылатын трансұлттық теміржол магистралының жобасына қосылу ниетін танытты.

Иран мен Түркия Қытайдан Еуропаға баратын теміржол құрылысының жобасына қосылмақшы

Бұл жөнінде Бейжіңде өткен Қырғызстан делегациясының сапары кезінде әңгіме болды.

«Қытай үшін бұл магистральді салу - Жібек жолын қалпына келтіруде, Қытайдың батыс аймақтарын дамытуда үлкен маңызға ие», - деді Қытай Халық Республикасы коммерция министрінің орынбасары Чень Цзян.

«Бұл орайда, аталмыш теміржол бағыты Қытай мен Еуропа арасындағы тасымал үшін пайдаланылуы екіталай, өйткені қазіргі уақытта мемлекеттік шекараларды кесіп өту санын азайтуға байланысты барынша тиімді теміржол қатынастары жұмыс істейді. Олар - Транссібір теміржолы, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арқылы өтетін транзитті жол», - деді «Ресей теміржолы» ААҚ экономикалық конъюнктуралар және стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары Сергей Столяров.