Иран мұнай өндіруді тежеу жөніндегі келіссөздердің шартын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеран мұнай өндіруді тежеуді оның деңгейі тәулігіне 4 млн. баррельге жеткеннен кейін талқылауға ниетті.

Бұған дейін бұл тақырыпта ешқандай келіссөздер жүргізілуі мүмкін емес, деп мәлімдеді мұнай министрі Бижан Зангане, деп хабарлады РБК.

Иран мұнайды ірі өндірушілермен өзінің өндіру деңгейі елде тәулігіне 4 млн. баррельге жеткеннен кейін ғана талқылауға әзір, деді Зангане.

«Оған дейін, біз тәулігіне 4 млн. баррель өндіру деңгейіне жеткенімізше, олар (өндіруді тежеу жөніндегі келіссөздерге қатысушылар) бізді мазаламауы тиіс», - деп мәлімдеді министр.

«Біз сол деңгейге жеткен кезде біз сіздермен ынтымақтаса аламыз», - деп қосты министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Иран тәулігіне 1,75 млн. баррель мұнай экспорттайды. Алайда таяудағы уақытта бұл көрсеткіш 2 млн. баррельге дейін артады.

Соңғы жаңалықтар