Иран Ормуз бұғазы арқылы Пәкістан туы ілінген 20 кеменің өтуіне рұқсат берді

АСТАНА. KAZINFORM — Иран Пәкістан туы ілінген 20 кемеге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Пәкістан Сыртқы істер министрі Исхак Дар мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

БҰҰ Ормуз бұғазы арқылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін жұмыс тобын құрады
Фото: БҰҰ Жаңалықтары

— Мен сіздерге тамаша жаңалықты қуана жеткіземін: Иран үкіметі Ормуз бұғазы арқылы Пәкістан туы ілінген 20 кеменің өтуіне рұқсат берді. Күн сайын бұғаз арқылы екі кеме өтетін болады. Бұл — Иран тарапынан жасалған көптен күткен әрі сындарлы қадам, ол жоғары бағалауға лайық. Бұл — бейбітшіліктің белгісі және өңірдегі тұрақтылыққа ықпал етеді. Бұл оң мәлімдеме бейбітшілікке бағытталған маңызды қадамды білдіреді және осы бағыттағы ортақ күш-жігерімізді нығайтады. Диалог, дипломатия және осындай сенімді нығайтатын шаралар — алға жылжудың жалғыз жолы, — деп жазды ол.

Еске салайық, 18 наурыздағы мәлімет бойынша Ормуз бұғазы арқылы үш күнде 15 кеме өткен.