Иран Ормуз бұғазын ашуға негіз болатын шарттарын ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – Иран Қарулы күштерінің өкілі Мохаммад Акраминия Ормуз бұғазы әскери қысым немесе қоқан-лоқы нәтижесінде ашылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
– АҚШ-тың Исламабадта қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум талаптарын орындауы, барлық әскери іс-қимылды тоқтатуы және Иранның егемендік құқықтарын құрметтеуі – Ормуз бұғазын ашудың басты шарттары, – деді ол Mehr агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Иранның ұстанымы ескерілмейінше Ормуз бұғазы жабық күйінде қалады.
Сондай-ақ Акраминия АҚШ пен оның одақтастарының Ормуз бұғазындағы Исламабад меморандумынан тыс кез келген әрекетін Иран егемендігін бұзу деп бағалайтынын және мұндай әрекеттерге елдің қарулы күштері тосқауыл қоятынын айтты.
Айта кетейік, Трамп Иран келіссөзге оралмаса, көпірлерін тас-талқан ететінін ескертті.
Сондай-ақ АҚШ Иранға қарсы жаңа соққылар сериясын бастады.