Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иран Ормуз бұғазын бірлесіп басқару туралы Оманның ұсынысын қабылдамады

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Ормуз бұғазын бірлесіп басқару жөніндегі Оманның ұсынысын қабылдамай, кеме қатынасын ұйымдастырудың өз нұсқасын ұсынды. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади мемлекеттік телеарна эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Иран отверг предложение Омана по совместному управлению Ормузским проливом
Фото: Fars news

Оның айтуынша, Маскат бұғаздағы транзиттік бағыттарды екі ел арасында тең бөлуді ұсынған. Алайда Тегеран мұндай схема ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сай келмейді деп есептейді.

Иранның ұсынысына сәйкес, кеме қатынасы бағыттарының бірі толықтай елдің аумақтық сулары арқылы өтуі тиіс. Ал екінші бағыттың бір бөлігі де Иранның бақылауында болуы қажет.

– Егер Оман Тегеранның қарсы ұсынысын қабылдамаса, Ормуз бұғазы жабық күйінде қалады, – деді Казем Гарибабади.

Бұған дейін Оман Ормуз бұғазын Малакка бұғазы үлгісі бойынша бірлесіп басқарудың өңірлік тетігін құруды ұсынған болатын. Бастама кеме қатынасын бірлесіп басқаруды, сондай-ақ навигация қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға және іздестіру-құтқару жұмыстарына кеме қатынасы компанияларының ерікті жарна төлеу жүйесін қарастырады. Бұл ұсынысты Парсы шығанағы елдері қолдағаны хабарланған.

Ормуз бұғазы – әлемдік энергетикалық ресурстар саудасындағы ең маңызды теңіз бағыттарының бірі. Қақтығыс басталғанға дейін әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен бестен бірі осы бұғаз арқылы тасымалданған.