Иран Ормуз бұғазында Таиланд туымен жүрген кемеге соққы жасалғанын мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM – Иран Қарулы күштері Ормуз бұғазы арқылы рұқсатсыз өтпек болған Таиланд туы астындағы кемеге соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы.
Tasnim агенттігінің Иран Қарулы күштеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Таиланд туы тағылған кеме барлық ескертулерге қарамастан Ормуз бұғазы арқылы рұқсатсыз өтуге әрекеттенген.
Осыдан кейін кеме Иран әскерінің нысанасына айналған.
Әзірге оқиғаның нақты қай уақытта болғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Осыған дейін Иран үш елдегі АҚШ әскери нысандарына соққы бергенін жариялаған болатын.