Иран өз ядролық реакторлары үшін 20 пайызға дейін байытылған уран өндіретін болады- Ахмадинежад

АСТАНА.  Желтоқсанның  3-і. ҚазАқпарат -  Иран  өз  бетінше 20 пайызға дейін    уран  байытады,  деп  мәлім етті Иран  Президенті Махмұд Ахмадинежад    ел телеарнасы   трансляциялаған    сөзінде. 
None
None

 Дегенмен,  Иран  басшысы  Тегранның ядролық қару жасамайтынын   баса атап  көрсетті,  деп  хабарлайды Associated Press агенттігі.

 Иран   Ислам Республикасының  түрлі  ресми  тұлғаларының  хабарлауынша,   20 пайызға  дейін байытылған  уран   медицина мұқтаждығы    үшін  пайдаланылатын  реактор   үшін    қажет.

 Осының   алдында  ғана  Иранның       Атом энергиясы   жөніндегі   халықаралық  агенттікпен (МАГАТЭ)    ынтымақтастығын   қысқартқаны  мәлім болған  еді.   Қарашаның 29-ында  ел парламенті     осындай  шешім қабылдады.    Бұл   қадам  Құм қаласының     маңында    уран байыту  жөніндегі  құпия зауыттың  құрылысы  үшін  Иранды айыптап,  қарар    қабылдаған    МАГАТЭ   басқарушылар кеңесінің  шешіміне   Тегранның  берген     жауабы    болып отыр.

 АҚШ, Ресей,  Қытай,  Ұлыбритания,  Франция  және  Германия елдері    Тегранмен   уранды сырт елде  байытып  барып,      ел  аумағына қайтару туралы келісімге  ниетті    болған  еді.  Бірақ   қарашаның 29-ында Иран  үкіметі  уран байыту  жөніндегі 10  жаңа зауыттың  құрылысын   мақұлдады.  М.Ахмадинежадтың айтуынша,   Иран    уранды 20 пайызға  дейін байыту  деңгейіне   шығуы және   жылына 250-300 тонна ядролық  отын  өндіруі керек.

Соңғы жаңалықтар