Иран өзінің алғашқы әскери крейсерін суға түсірді
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Иранда жасалған алғашқы әскери крейсер суға түсірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Крейсер торпедолармен және зымырандармен, сондай-ақ зымырандық атқылауға тойтарыс беретін заманауи жүйелермен жарақталғаны хабарланған. Иран үкіметі крейсерді жасап шығару елдің Әскери-теңіз күштерін дамытудағы маңызды серпіліс деп атады.