Иран президенті аза тұту рәсіміне қатысқан азаматтарға алғыс айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Иран президенті Масуд Пезешкиан ел халқына, ислам әлеміне және халықаралық қауымдастыққа үндеу жасап, ислам революциясы көшбасшысын ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне миллиондаған адамның қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Бұл туралы IRNA агенттігі жазды.
Президенттің айтуынша, Тегеран, Құм, Мешхед қалаларында, сондай-ақ Ирактың Наджаф және Кербела қалаларында өткен аза тұту шеруі халықтың ынтымағын, ұлттық бірлігін және тәуелсіздік пен әділеттілік қағидаттарына адалдығын көрсетті.
Масуд Пезешкиан сондай-ақ жоғары діни жетекшілерге, мемлекеттік органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне және аза тұту рәсімдерін ұйымдастыруға қолдау көрсеткен халықаралық серіктестерге алғыс айтып, ел тұрғындарын ұлттық бірлікті сақтауға шақырды.
Еске сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған аза тұту рәсіміне қатысты.
Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі Иракта жалғасты.