Иран президенті көлігі өшіп қалып, такси шақыруға мәжбүр болды

АСТАНА. KAZINFORM — Иран президенті Масуд Пезешкиан Тебризге іссапары кезінде кортеждегі үш көлік те өшіп қалып, такси шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды NasrNews. 

Иран президенті Масуд Пезешкиан
Фото: NasrNews

Көліктер жанармай құю бекетіне тоқтаған соң, көліктерге су аралас бензин құйылған. Бұл туралы басылымға президенттің арнайы инспекторы Мұстафа Мовлави айтып берген.

Мовлавидің мәлімдеуінше, кортеждегі көліктерге Рашт тас жолына кіреберісте сапасыз бензин құйылған. Осыдан кейін көліктер Казвин провинциясында тоқтап қалады. Пезешкиан Тебризге жету үшін такси шақыруға мәжбүр болған.

Президенттің тексеру бастау үшін жергілікті әкімшілікке хабарласпағаны атап өтілді. Мовлави мұндай жағдайға қарапайым азаматтардың да түсуі мүмкін екенін айтты.

Еске сала кетейік, Израиль шабуылы кезінде Иран президенті зардап шекті. 

Соңғы жаңалықтар