Иран Президенті бала туылған әрбір отбасына 780 еуродан жәрдемақы беруге уәде берді
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Иран Президенті ел халқының санын анағұрлым көбейту керек деп санайды және ол үшін ана капиталы жүйесін қолдануды ұсынады,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
«Аймақтық деңгейде көш бастау үшін, бала тууды ынталандыру керек», - деп мәлім етті Ахмадинежад өз сөзінде. Ол нәресте туылған әрбір отбасына 780 еуродан төлеуге уәде берді.
Қазір Иранда 70 миллионға жуық адам тұрады, бірақ Ахмадинежад ел халқының саны 120 миллион болғанын қалайтынын мәлім етіп отыр.