Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иран Президенті Н. Назарбаевты халықаралық аренадағы көрнекті саяси қайраткер ретінде ерекше құрметтейді - Иран сыртқы істер министрі

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Али Акбар Салехи кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Иран Президенті Н. Назарбаевты халықаралық аренадағы көрнекті саяси қайраткер ретінде ерекше құрметтейді - Иран сыртқы істер министрі

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынастар ең жоғары деңгейде табысты дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Қазақстан біздің достық өзара қарым-қатынастарымызды кеңейтуге және нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты белсенді жүргізуге әзір. Бүгінде біздің елдеріміз арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 1 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрайды, бұл біздің мемлекеттеріміздің әлеуеті мен мүмкіндіктерін толық көрсете алмайды. Бүгінде біз аймақтағы белгілі бір тұрақсыздықты байқап отырмыз. Ауғанстан мен Сириядағы жағдай барған сайын болжап болмайтындай болып барады. Қазақстан Иранға дәйектілікпен және барлық деңгейде көмек көрсетіп келді, сондай-ақ әр түрлі саладағы барлық халықаралық мәселелерді дипломатиялық тұрғыда реттеуге әрдайым атсалысты, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сыртқы істер министрі Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад Нұрсұлтан Назарбаевты халықаралық аренадағы көрнекті саяси қайраткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті. Али Акбар Салехи сондай-ақ Қазақстан Президентін Таратпау қозғалысына мүше-мемлекет басшыларының саммитіне шақырды.

Қазақстан-Иран қарым-қатынастары барлық деңгейдегі белсенді байланыстармен ерекшеленеді. Екі ел арасында саяси салада қарама-қайшылық жоқ. Қазақстан мен Иран аймақтық құрылымдар ­- АӨСШК, ШЫҰ, ЭҚҰ, сондай-ақ Каспий теңізі бойынша арнайы жұмыс тобы аясында іс-қимылды үйлестіреді. Елдер арасында жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті шарт-құқықтық база құрған 60-қа жуық мемлекетаралық құжатқа қол қойылған.