Иран СІМ АҚШ-пен келіссөз болғанын жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи соңғы 24 күн ішінде АҚШ-пен ешқандай келіссөз бен диалог болмағанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ислам Республикасының Ормуз бұғазы мен қақтығысты аяқтау шарттарына қатысты ұстанымы өзгермегенін атап өтті. Бұл туралы ИРНА жазды.

Исмаил Багаи
Фото: ИРНА

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Мохаммад-Багер Ғалибаф та АҚШ-пен келіссөздер жүргізілмегенін растады.

— АҚШ-пен ешқандай келіссөз болған жоқ. Жалған ақпарат қаржы және мұнай нарықтарын манипуляциялау үшін таратылады, — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы екі күнде АҚШ пен Иран арасында «өте жақсы және нәтижелі келіссөздер» өткенін мәлімдеген еді.