Иран СІМ басшысы АҚШ-пен ядролық келіссөздердің сәтті өтетініне сенім білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ тарапынан соққы жасау қаупіне қарамастан, Тегеран Вашингтонмен ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол жеткізу мүмкін екеніне сенімді. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu.

р
Фото: Анадолу

– Өкінішке қарай, біз АҚШ-ты келіссөздердегі серіктес ретінде сенімді тарап деп қабылдай алмаймыз. Алайда өңірдегі достас елдер арқылы хабар алмасу келіссөздердің нәтижелі өтуіне ықпал етіп отыр, – деді ол CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Аббас Аракчидің айтуынша, АҚШ-пен тікелей диалог тек сенімнің ең төменгі деңгейі қалпына келтірілген жағдайда ғана мүмкін.

– Тікелей немесе жанама келіссөздер – диалог жүргізудің бір формасы ғана. Ең бастысы, келіссөздердің мазмұны. Бізге сенім қажет. Толық сенім ешқашан болмауы да мүмкін, бірақ ең болмағанда минималды деңгей қажет, – деді министр.

Ол сондай-ақ ықтимал әскери қақтығысқа қатысты пікір білдірді.

– Соғыс міндетті емес, оны болдырмауға болады. Біз оған толық дайынбыз, тіпті он екі күндік соғыс кезеңіндегіден де жақсы дайындалғанбыз. Алайда дайын болу – соғысты қалау деген сөз емес. Біздің мақсатымыз – соғыстың алдын алу, – деп түсіндірді Аббас Аракчи.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісім жасасуға берілген уақыттың таусылып бара жатқанын айтып, АҚШ-тың келесі ықтимал соққысы 2025 жылғы маусымда жасалған шабуылдан әлдеқайда қатаң болатынын ескерткен еді.

Соңғы жаңалықтар