Иран төмен байытылған уранды ел аумағында алмасуға әзір

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Иран 20 пайызға дейін байытылған 120 келі отын алу үшін төмен байытылған уранды өз аумағында бір мезгілде алмастыруға әзір,

Иран төмен байытылған  уранды    ел аумағында алмасуға  әзір

деп мәлім етті Ислам Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшысы Әли Әкбар Салехи.

Оның айтуынша, «алмасу Ислам Республикасының аумағында және бір мезгілде өтетін болса ғана, Теһран уранды толық көлемде жеткізуге әзір». «Біз Теһрандағы зерттеу реакторы үшін отынға 20 пайызға дейін байытылған 120 келі уранды алу үшін, 1200 келіге дейін (3,5 пайызға дейін байытылған) уранды жеткізе аламыз», деп жазады «Джаван» газеті Әли Әкбар Салехидің сөзіне сілтеме жасап.

Өткен жылы халықаралық арағайындар «алтылығы» - Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия елдері Иранның ядролық энергетикалық бағдарламасымен байланысты проблеманы шешудің жобасын ұсынған болатын. Оның басты мазмұны - Иран өзіндегі төмен байытылған уранның 75 пайызын әрі қарай өңдеу және байыту үшін Ресейге тасылуы керек, одан кейін ол өнімнен Теһран реакторы үшін уран стерженьдерін жасау үшін отынды Францияға жеткізу қажет болып табылады.