Иран вице-президенті: тікұшақ оқыс қонғаннан кейін екі адам байланысқа шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Иран вице-президенті Мохсен Мансури ел президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты. Бұл туралы  ИРНА агенттігі хабарлады.

Иран вице-президенті
Фото: ИРНА

Сонымен бірге, Иран вице-президенті «бұл ауыр апат болмаған сияқты» деп атап өтті.

«Делегация үш тікұшақпен ұшты. Бірақ президент мінген тікұшақ пен басқа екі тікұшақ арасындағы байланыс үзілген. Қалған екі тікұшақ жоғалған тікұшақты іздеуге кірісті. Жолаушылардың бірі және оның экипажы байланысқа шығып, апаттың ауқымы аса ауыр емес екенін айтты», - деді Мансури.

Ол оқиға орнына жедел құтқару топтары жіберілгенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды. Кейінірек тікұшақ құлаған жерден видео пайда болды. Адамдар президент Раиси мен оның серіктерінің денсаулығы үшін дұға етіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар