Иран ядролық қару жасауға қабілетті - Орталық барлау басқармасының баяндамасы

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Иран ядролық қару жасауға қабілетті. Конгреске баяндама жолдаған АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы осындай қорытындыға келіп отыр,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Онда «Иранның, егер сәйкес шешім қабылдайтындай болса, ядролық қару өндірісі үшін пайдалануға болатын өз техникалық мүмкіндіктерін арттыруды жалғастыра беретіндігі» айтылады. «Бірақ, Тегранның ондай шешім қабылдайтын-қабылдамайтынын біз білмейміз», деп атап көрсетілген.

Баяндамаға сүйенсек, Иранның уранды байыту жөніндегі бас орталығы Натанзе қаласында өткен жылдың 11 айында шамамен 1,8 тонна төмен байытылған уран гексафториді өндірілген. Салыстырар болсақ, 2008 жылы небәрі жарты тонна ғана өндірілген. Барлаушылардың айтуынша, уранды байыту үшін пайдаланылып отырған газ центрифугаларының саны да былтыр 5 мыңнан 8,7 мыңға дейін жеткізілген, дегенмен олардың тек 3,9 мыңы ғана жұмыс істеуде.

Орталық барлау басқармасының баяндамасында сондай-ақ «Солтүстік Кореяның да тротил баламасымен «бірнеше тонна» ядролық оқтұмсық жасау мүмкіндігіне ие екені» атап көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар