10:10, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Иран ядролық оқтұмсық жасауға жететін байытылған уран қорына ие - МАГАТЭ
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Иран 2,5 тоннадай төмен байытылған уранға ие - бұл қор екі ядролық оқтұмсық жасауға жетеді. Бүгінгі таңда бұл уран қоры 3 пайыздай деңгейге дейін байытылған. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) кеше жарияланған баяндамасында осылай делінген,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Баяндамада сондай-ақ, Иранның уранды одан әрі байытуға арналған жаңа жабдыққа қол жеткізгені атап көрсетіледі.
Осының алдында ғана Иран өкіметі өз зауытында уранды 20 пайызға дейін байытуға арналған қосымша құрылғыны іске қосу ниетін жария еткен еді. Аталмыш қондырғылар іске қосылғаннан кейін, Тегран реакторына жіберілетін МАГАТЭ байқаушыларының да қатары көбейе түспек.