Иран зымыран тасығышты сәтті сынақтан өткізді

"Симург" 500 шақырым биіктікке 250 келіге дейін салмақпен аппарат шығаруға қабілетті. 2010 жылы ел президенті Махмуд Ахмадинежад Иран 2024 жылы ғарышқа адам ұшыруға ниетті екенін хабарлады. Алайда кейіннен ол бұл мәселені үкімет талқылайтынын және ұшырылымды 2019 жылы, яғни бес жыл ерте жүзеге асыру шешімі қабылданғанын атап өтті.
Алғашқы ирандық зерттеу серігі "Омид" болды. Орбитада үш ай болған ол өз миссиясын сәтті орындап, Жерге 2009 жылы 25 сәуірде қайта оралды. «Омидтан» кейін "Толу", "Месбах-2" және "Навид" ұшырылды. Иранда құрылған серіктер мен «Симург» зымыран тасығышы Иранның аэроғарыштық өнеркәсібінде жетістіктер үлгісіне айналды.
Айтак кетейік, Иран 1959 жылы құрылған Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану бойынша БҰҰ комитетін құрушы 24 елдің бірі.