Иранда бұрынғы жоғарғы көшбасшымен қоштасу рәсіміне дайындық аяқталуға жақын
АСТАНА. KAZINFORM – Тегерандағы имам Хаменеи атындағы үлкен мешітте Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысымен қоштасу рәсіміне дайындық аяқталуға жақын қалды, деп жазды ИРНА.
Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, рәсім бейсенбі күні өтеді. Осыған байланысты ауқымды діни кешен аумағында марқұмның мәйіті қойылатын арнайы мінбер орнатылып, отбасы мүшелеріне арналған жеке аймақ әзірленген.
Қоштасу рәсіміне жүздеген мың ирандықтың қатысуы күтіліп отыр.
Сондай-ақ Тегеранға қаралы рәсімге қатысу үшін 100-ге жуық шетелдік делегацияның өкілдері келеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Иранда Әли Хаменеимен 6 күндік қоштасу рәсімі өтетіні хабарланды.